Облыста электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 94,9 пайызға жетті

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыстың мемлекеттік органдарымен және мекемелерімен 2 миллион 271 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызметтердің үлесі 82,9 пайызды құрады.
Электронды форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 94,9 пайызға жетті.

Сондай-ақ, қағаз түрінде жиі көрсетілетін қызметтер бар. Бұл мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру – 2 317, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 1 105, жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну – 667.

Электронды түрде көрсетілген қызметтердің ең көп саны: дәрігердің қабылдауына жазылу – 1 316 799, азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну – 158 342, жедел медициналық көмекті шақыру – 65 404.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысатын мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша уақтылы шаралар қабылдауда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар