Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бала туу құжаттарын рәсімдеу бұрынғыдан да ыңғайлы болды - АРҚА АЖАРЫ

Бала туу құжаттарын рәсімдеу бұрынғыдан да ыңғайлы болды

Енді азаматтар баланың тууын тіркеу қызметін eGov.kz порталына кірмей-ақ, неғұрлым ыңғайлы проактивті форматта ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
eGov.kz порталының мәліметінше, бұл қызметте SMS хабарламалар мен хабарландырулар қолайлы процесске оңтайландырылған. Себебі, мемлекет азаматқа белгілі бір тұрмыстық жағдайға қажетті қызметті алуды өзі ұсынады. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, тек SMS-ке жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберсе жеткілікті.
«Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, баланың ата-анасына қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында кезең-кезеңімен 1414 нөмірінен SMS жібереді. Бұрын азаматтар SMS хабарламаларды басқа форматта алатын. Енді процесс әлдеқайда жеңілдеді, әлдебір әріптерді көрсету талап етілмейді, тек қойылған сұрақтарға жауап беру керек», — деп жазылған ақпаратта. Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркеуде болу қажет, тіркеусіз SMS хабарлама келмейді. Қызмет тегін көрсетіледі, тек телефон нөмірінде теңгерім болу керек.
«Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жетіспейтін мәліметтер баланың ата-анасынан SMS-арқылы сұралады. Қызмет көрсету нәтижесінде азаматтар баланың туу туралы куәлігінің (қағаз түрінде) дайын екендігі туралы SMS хабарлама немесе бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап алады», — делінген ресми жазбада.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар