Мемлекет басшысы «Күре жолдағы күрсініс» атты мақалаға назар аударды Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Күре жолдағы күрсініс» атты мақалаға назар аударды. Басылым Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар жағдайының нашарлығына байланысты мәселе көтерген.
Президент бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін жаңғырту маңызды міндеттің бірі екенін және автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019 жылы айтқан болатын. Мемлекет басшысы Оралда өткен кездесуде «бұл азаматтардың күнделікті өмірінде қиындық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ өңірдің экспорттық және транзиттік әлеуетін төмендетеді» деген еді.
Президент сол кезде Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берді және бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын ерекше атап өтті. Алайда «Egemen Qazaqstan» газетіндегі мәліметтер бойынша осы аудандарды облыс орталығымен байланыстыратын жолдарға әлі күнге дейін асфальт төселмеген.
Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден айтарлықтай қалып келеді және қаржы мәселесінде де түйткілдер бар. Жергілікті тұрғындар жолдың жоқтығынан зардап шегіп отыр, әсіресе көктем мен күзде жағдай мүлде ушыға түседі. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырды. Тиісті жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалмауына кінәлілер жазалануға тиіс.
Президент бұл мәселені шешуді Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жүктеді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Күре жолдағы күрсініс» атты мақалаға назар аударды. Басылым Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар жағдайының нашарлығына байланысты мәселе көтерген. Президент бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін жаңғырту маңызды міндеттің бірі екенін және автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019 жылы айтқан болатын.
Мемлекет басшысы Оралда өткен кездесуде «бұл азаматтардың күнделікті өмірінде қиындық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ өңірдің экспорттық және транзиттік әлеуетін төмендетеді» деген еді. Президент сол кезде Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берді және бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын ерекше атап өтті.
Алайда «Egemen Qazaqstan» газетіндегі мәліметтер бойынша осы аудандарды облыс орталығымен байланыстыратын жолдарға әлі күнге дейін асфальт төселмеген. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден айтарлықтай қалып келеді және қаржы мәселесінде де түйткілдер бар. Жергілікті тұрғындар жолдың жоқтығынан зардап шегіп отыр, әсіресе көктем мен күзде жағдай мүлде ушыға түседі.
Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырды. Тиісті жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалмауына кінәлілер жазалануға тиіс. Президент бұл мәселені шешуді Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жүктеді.
Дереккөз: 24.kz