Әкімге алғыс

 Біз Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевқа «Аршалы-2» (карьер) тұрғындары атынан біздің кентті жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі орын алған проблемаларды жою үшін нақтылы шаралар қабылдағаны үшін алғыс білдіреміз! 

Кент тұрғындары ұзақ жылдар бойы қыс бойы жылудың зардабын тартып келген болатын. Осы мәселе бойынша біз облыс басшысына тікелей жүгініп, көмек сұраған едік. Ермек Боранбайұлы жағдайды байыптап, зерттеп, ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан жылу мәселесін өз бақылауына алып, шешіп берді. Көп жылдардан бері биылғы қыста алғаш рет үйлеріміз жылы болып, шын қуанышты жағдайда болдық. Тіпті, қатты аязды күндері де үйлеріміз өте жылы болды.

Құрметті Ермек Боранбайұлы! Ақмола облысы тұрғындарының игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңызға ризашылығымызды білдіреміз. Сізге және отбасыңызға  мықты денсаулық тілейміз. Өңірді дамыту жолындағы барлық жоспарларыңыз орындалсын!

Құрметпен,  «Аршалы-2»  тұрғындары атынан

     А.Ш. Көбжасарова, К.И.Киценко, М.И.Бойко,

 С.Ю.Саклевич, М.А.Ахметов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар