Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік-экономикалық сала дамуда, ал, баға тұрақтайтын емес - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік-экономикалық сала дамуда, ал, баға тұрақтайтын емес

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау мен реформалау агенттігінің ұлттық статистика бюросының Ақмола облысындағы департаментінің басшысы Ербол Амамбаев облыстың 2022 жылғы бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ағымдағы жылғы 16 наурыздағы Жолдауында елімізді ілгері дамыту мен азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін басты міндеттерді нақты белгілеп берген болатын. Осы орайда, облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуал бойынша алғашқы тоқсан қорытындыланды. Өңірде үш айда жалпы өнімі көлемінен түскен пайда 1631 миллиард теңгені құрап, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 105 пайызға артқан екен. Облыста өнеркәсіптік өндіріс секторы 28,4 пайызды, ауыл шаруашылығы саласы 15,6 пайызды, жылжымайтын мүлік, тұрғын үй операциялары 8,6 пайызды, транспорт 7,6 пайызды, құрылыс саласы 6,7 пайызды құрап, біршама алға басқан екен.

­–2022 жылғы 1 наурыздағы көрсеткіш бойынша облыста 733 мың тұрғын бар. Облысқа көшіп келгендер саны 242 адамға өскен. Ал, облыс ішіндегі көші-қон жағдайы екі айда 642-ге жеткен. Өңірдегі орташа еңбекақы шағын кәсіпорындарды қоспағанда 200 824 теңгені көрсеткен. Республикада бұл көрсеткіш 248 791 теңге. Бұдан облыста еңбекақы көлемі әлі де төмен екендігін байқауға болады. Еңбек нарығында жұмыссыздық мәселесі өте өзекті, – дей келе, спикер өзін-өзі жұмыспен қамту, өнімді еңбекпен қамтылу жағдайларын ерекше атап өтті.

Тұтыну бағасының индексі 105,3 пайызды, соның ішінде азық-түлік өнімдері 107,8, азық-түліктік емес тауарлар 103,9, ақылы қызметтер 103,3 пайызға өскен. Жыл басынан бері облыста алғашқы кезекте қажет деп танылған азық-түліктік өнімдер бағасының артқаны белгілі. Департамент басшысының айтуынша, қант бағасы 25, жемістер мен көкөністер 15, нан мен ұнтақтар 13, сүт, балық, алкогольді өнімдер 10, ет пен макарон өнімдері 5 пайызға қымбаттаған. Дәрі-дәрмек пен ақылық медициналық қызметтердің де 12 пайызға қымбаттағыны айтылды.

Ақмола облысында 49 мың шағын және орта бизнес субъектілері болса, олар жылдың алғашқы тоқсанында 312 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдан 109,3 пайызға өскен.

Облыста ауыл шаруашылығы саласындағы мал саны артып, өндірілген өнім көлемі де айтарлықтай өскен. Салаға тартылған инвестиция көлемі 108 миллиард теңгені құрапты, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 27 пайызға артық. Негізгі капиталға құйылған қаржының басым бөлігі Бурабай, Бұланды, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласына тиесілі.

­–Аймақтағы іске асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының көлемі 13 миллиард теңгені немесе 137 пайызды құрап отыр. Аршалы, Бурабай, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласында құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуде, –деді Ербол Амамбаев.

Брифингте тауар айналымындағы экспорттың 10 миллион АҚШ долларын, импорттың 27 миллион АҚШ долларын құрағаны да айтылып, облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің тұрақты өсіп келе жатқандығы сөз болды.

Шара соңында спикер журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді, алайда статистика жүйесіндегі мемлекеттік тіл мәселесі қозғалғанда аздап абдырап қалды. Бұдан, шенді-шекпенділердің әлі де мемлекеттік тілді өгейсітіп, оны үйренуге құлық танытпай келе жатқандығын көрдік.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар