Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1170 шақырымында, Жамбыл ауылы маңында орын алған. Бұл туралы Астархан аудандық ПБ кезекшілік бөліміне аудандық орталық аурухананың фельдшері хабарлап айтқан.
«Анықталғандай, Атбасар қаласы бағытында жүріп келе жатқан «BMW» автокөлігінің оң доңғалығы жарылған. Осының салдарынан 38 жастағы жүргізуші (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) көлікті басқара алмай жол шетіндегі жыраға аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2008 жылы туған жолаушы Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді», – деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, осы жол апатына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда абай болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.