Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті - АРҚА АЖАРЫ

Үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті

Қазақстан Үкіметі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Жасыл даму» АҚ-дан қажетті қаражатты аударуға байланысты процедуралар жүргізіліп жатыр», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

 

Оның атап өтуінше, елімізде 2015 жылдан бері жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жұмыс істейді. 2021 жылдың мамырына дейін 82 млрд теңге бөлігіп, осы жылдың 31 наурызындағы деректерге сәйкес, аталған сомаға 30 мың көлік сатып алынды және 162 млрд теңгеге займ берілді. «Жеңілдетілген автонесие алуға ниет танытушылар тарапынан сұраныстың жоғары екендігін ескере отырып, екінші деңгейлі банктер жаңа өтінімдер қабылдап жатыр.

 

Бірақ, қаражат олардың босауына орай берілетін болады. Бағдарлама Халық банк, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, Центркредит банк және Форте банк сынды екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады», — деді комитет төрағасының орынбасары. Олжас Сапарбековтың айтуынша, Қазақстан Үкіметі 2022 жылдың 15 сәуірінде №227 қаулы қабылдады. Аталған құжат автонесие бағдарламасын 100 млрд теңге төлшерінде қаржыландыруды қарастырады.

 

Сонымен қатар «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен 30 млрд теңге автобус паркін жаңартуға жұмсалады. Бағдарламаның негізгі шарттары мынадай:

— Бір жеңіл автокөлікті қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден аспайды;

— Бір заемші екі жылдың ішінде бір рет қана автокөлікті жеңілдетілген несиемен ала алады; — қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

— бастапқы жарнасы 0%; — көлік құралының құны 15 млн теңгеден аспауы қажет.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар