2022 жылдың 27-28 сәуір күндері Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың» облыстық жарысы өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің жас техниктер станциясы».
Жарыстың негізгі мақсаты: балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыста облысымыздың 24 өнертапқышы «Радиомен басқарылатын көлік модельдері», «Драгстер сызбасы бойынша автотрассалық модельдеу», «Әуе модельдері», «Кеме модельдері», «Зымыран модельдері» номинациясы бойынша өз жұмыстарын белсенді қорғады.
Қазылар алқасы отырысының қорытындысына сәйкес жарыс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.
Облыстық жарыстың І орын иегерлері (10 қатысушы) 2022 жылғы маусым айында республикалық жарысқа қатысады.