Атбасар ауданының тұрғыны гранатаға ұқсас затты полицияға тапсырды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, ағымдағы жылдың 28-ші сәуірінен бастап өңірде тұрғындардан тіркелмеген қару, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өтіп жатыр.

Акция шеңберінде Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын өз еркімен шолақ мылтықтың 8 патроны мен гранатаға ұқсас затты тапсырды. Әйелдің сөзінше, ол «гранатаны» топырақ өңдеу кезінде өзінің жер учаскесінен тауып алған.  Акция туралы естіген азаматша табылған затты полицияға тапсырды. Қазіргі уақытта бұл зат сараптамаға жіберілді.

Айта кетсек, акцияның алғашқы күні ақмолалықтар полицияға 3 миллион 600 мың теңгеге 62 қару тапсырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар