Ардагерлер арасында шахмат және дойбыдан облыстық  турнир өтті

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Көкшетау қаласындағы Бурабай спорт сарайында ұйымдастырылған турнир Жеңіс күніне орайластырылып отыр. Жарысқа Ақмола облысының әр өңірінен жиналған 50-ге жуық ардагер қатысты. Олардың дайындық деңгейі айтарлықтай жоғары.

«Шахмат пен дойбы шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін интеллектуалдық ойын болғандықтан біз барымызды салып жатырмыз. Біздерге осындай жақсы көңіл-күй сыйлап, қуантып отырғандарыңызға шынайы алғысымды білдеремін», –  деді Аршалы ауданынан келген ардагер Бақытберім Ләтіпов.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерлері ұпай санымен анықталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар