Студент жастар Халық Қаһарманымен кездесті

Халық Қаһарманы, армия генералы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының V шақырылымының депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевпен және экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі, Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының V-VI шақырылымының депутаты, мемлекет қайраткері Анатолий Афанасьевич Башмаков ордалы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетініңәскери кафедрасында болып, курсанттармен және профессорлық-оқытушылық құраммен, сондай-ақ, университеттің ардагер ұстаздарымен кездесті. Тағылымы мол танымды іс-шараны университет ректоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Сағынтай Елубаев ашып, жүргізіп отырды.

Биыл аталмыш әскери кафедраның құрылғанына 10 жыл. Осы мерейлі дата қарсаңында кафедра негізін қалаушы көрнекті мемлекет қайраткерлерімен кездесу кешінің ұйымдастырылуы да қуаныш сезімін еселей түскендей. Қазіргі таңда әскери кафедрада 254 студент білім алуда. Он жылдың ішінде мыңға жуық түлек түлеп ұшқан.
Салтанатты жиында халқымыздың аяулы перзенті Мұхтар Алтынбаев университет ректоры Сағынтай Елубаеқа республикалық ардагерлер кеңесінің атынан жастарғаәскери-патриоттық тәрбие беру ісіне қосқан үлесі үшін медальмен және Алғыс хатпенмарапаттады. Сонымен қатар, университеттің аға оқытушысы О.Перлей мен оқу озаттары М. Молғаждаров, Р.Шаймұратов А.Нұрланова, К.Гиззатовқа Алғыс хаттар табыс етілді.

Университет ректоры өз сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтіп және құрметті қонақтарға жылы лебізін білдіре отырып, әскери кафедраның жетістіктері туралы хабардар етті. Осы орайда, Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов университеті еліміздегі ордалы оқу орындарының алдыңғы қатарында екендігін баса айтқымыз келеді. Сөзіміз дәйексіз болмасын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің сарапшылары кафедра жұмысын республикада үздік деп танып, жоғары баға берді. Білім ордасындағы жүйелі жұмыс жоғары деңгейде атқарылуда. Кафедра педагогтары мен курсанттары қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі барлық іс-шараларға белсенді қатысып, абырой биігінен көрінуде. Әскери кафедрада білім мен білік һәм патриоттық тәрбиемен қаруланған студенттердің ертеңгі күні өздері қалап сүйген мамандықтың хас шеберіне айналуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Тағы бір ерекше екпін түсіре айта кететін жәйт, министрліктен келген сарапшылар жоғары оқу орны басшылығының материалдық-техникалық базаны жетілдіруге қосқан зор үлесін атап өтіп, жоғары баға берген. Шынында да, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде студент жастардың жан-жақты, заман талабына сай білім алуына барлық жағдайлар жасалған.

–А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесу өткізу өз басым үшін әдемі бір дәстүрге ұласқан. Өкінішке орай, екі жыл бойы пандемияның салдарынан кездесе алмадық. Бұл кездесулердің мән-маңызы тереңде. Жалпы,жекеменшік университет жанына әскери кафедра ашу мәселесі оңай-оспақ шаруа емес. Аталмыш кафедраны ашу үшін өз басым Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігіне,Білім және ғылым министрлігіне хабарласқан болатынмын. Мінекей, университет түлектері қазіргі таңда еліміздің гүлденуіне өзіндік үлесін қосып жүрген мамандар, ҚР Қорғаныс министрілігіәскери кафедраны еліміздегі ең үздік оқу орны деп атап өтті.Қазір университеттің халықаралық сертификаттары бар. Мамандарға сапалы білім, саналы тәрбие берілуде, – дей келіп,Мұхтар Қапашұлы Мемлекет басшысының Жолдауына тоқталып өтіп, жиналған қауымға тарқатып айтып берді. Тарихы терең, киелі еліміздің жарқын болашағы жастармен сабақтас екендігін баса айтты.

Жастардың отанға, елге, жерге, деген сүйіспеншілігін арттыру, батырлардың ерлік істерін үлгі ету мақсатында аталмыш оқу орнында Халық Қаһарманы, армия генералы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының V шақырылымының депутаты Мұхтар Алтынбаевтың атаулы аудиториясы бар. Үлгі тұтар тұғырлы тұлғаны өз көзімен көріп, дидарласу құрметіне, оның ғибратты әңгімесін жадына тоқу мүмкіндігіне ие болған жастардың да бұл күн мәңгі есінде сақталары анық. Жиын барысында жастар да кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді. Студент жастардың атынан сөз алғандар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Өркен» жастар ұйымының жетекшісі, гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенті Фатима Қайыш пен экономика факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенті, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Мәди Сейітқали, «Туризм» білім беру бағдарламасының білім алушысы Никита Лавровтар бар.

–Бүгінгі кездесу біздің жадымызда мәңгі сақталары сөзсіз. Біз 1 курстан бастап, сіздердің өнегелі өмір жолдарыңызға қаныға түсіп, сіздердей болсақ деп армандаған болатынбыз. Сіздердің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз біздерді болашаққа жігерлендіре түседі. Сіздер біз үшін үлгісіздер. Біз, жастар, өз Отанымыздың патриоты ретінде болашақта қоғамға пайда әкелетін мамандық алуға тырысамыз. Университет басшылығына, университет ректоры Сағынтай Зекенұлына әрбір студентке ықыласты қарым-қатынасы және түрлі мәселелерді шешуге көмектесіп жүрген қамқорлығы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Қазіргі уақытта университет жанына Студенттер сарайы мен үлкен спорт кешені салынуда, онда спорттың 18 түрі бойынша жарыстар өтіп, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын болады. Жоғары оқу орнының студенттері үшін жаңа, жайлы жатақханада тұру мүмкіндігі тудырылған. Біздің жастарымыз шығармашылық қабілеттерін дамыту және үздік оқу үшін барлық жағдайлар жасалған, – деп атап өткен жастар аға буынның ерлік іс-әрекетінің үлгісі оларды жақсы оқуға және белсенді өмірлік ұстанымға шабыттандыратынын атап өтті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар