Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Санитарлық дәрігерлер еңбегі қандай құрметке болсын лайық  - АРҚА АЖАРЫ

Санитарлық дәрігерлер еңбегі қандай құрметке болсын лайық 

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мереке қарсаңында пандемияға қарсы күресте ерен еңбектің үлгісін көрсеткен облыстың санитарлық дәрігерлерімен және «Ұлттық сараптама орталығы» Ақмола облысы бойынша филиалының мамандарымен кездесіп, бірқатар таңдаулы қызметкерлерді Алғыс хатымен марапаттады.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген өңір басшысы пандемия сияқты аса қатерлі дертке тосқауыл қоюда облыстың санитарлық қызметінің зор күш-жігер танытқандығын үлкен ризашылықпен ауызға алды.

– Мамыр мерекесі қарсаңында сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бүгінгі күні әлемді дүрліктіріп, соңы өлімге әкеліп соқтырған пандемияға тосқауыл қойдық.  Осының бәрі сіздердің зор еңбектеріңіздің арқасы. Пандемия бізге қиындықпен бетпе-бет келіп, онымен күресудің жолын көрсетті. Осы жолда күндіз-түні тынбай, қажырлылық танытқан сіздерге зор алғысымды білдіремін. Барлық күшті жұмылдырудың арқасында биылғы жылы басында өте жиі тіркелген қауіпті дерттен құтылып отырмыз. Алайда, «А» гепатиті, бруцеллез, жедел ішек аурулары белең алуда. Бірақ, мұның да алдын алып, жеңіп шығатындарыңызға сенім мол, – деген өңір басшысы Ермек Маржықпаев өз сөзінде О.Макашов, С.Жолдаспаев, Қ.Төлеуғазин, А.Исенова, тағы басқа қызметкерлерді ерекше атап өтті.  Облыстың санитарлық бас дәрігері А.Мусинаның еңбегіне айрықша тоқталып, пандемияға қарсы күресте зор табандылық танытқанын жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанда экономикалық сынақтарға қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер жақсы үрдіс алып жатқанын да тілге тиек етті. Соның айғағы ретінде пандемия кезінде медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының жақсартылғаны айтылды.

Қалай десек те, пандемия бәріміздің ортақ күш-жігермізбен артта қалғаны шындық. Осы жолда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерінің бұдан әрі де еселі еңбек ете беретіндеріне сенім артқан Ермек Маржықпаев департаменттің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина, Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Серәлі Жолдаспаев,  Сандықтау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Олег Макашов, Біржан сал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мазах Жанасхан, Зеренді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Жандос Маханов, аса қауіпті жұқпалар зертханасының меңгерушісі Ардақ Исенова, залалсыздандыру бөлімінің бастығы Сара Мұқатова және бактериологиялық зертханасының меңгерушісі Айнаш Сапарғалиды өзінің Алғыс хатымен марапаттады.

Өз кезегінде ұжым атынан сөз алған «Халық алғысы» медалінің иегері Дәметкен Мұхаметжанова өңір басшысына еңбектерінің бағаланып жатқанына ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Салтанатты іс-шараның соңы дәрігерлерге арналған әсем әнге ұласты.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар