Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізді

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Antikor оrtalyǵy алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша өңірдің квазимемлекеттік секторының өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Көкшеинформ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинар барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері Даниар Каконов бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс квазимемлекеттік компаниялар мен жеке сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және парасаттылық қағидаттарын қамтамасыз етудің заманауи құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мақсатында бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын құру бекітілді. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде комплаенс-қызметтер жұмысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлін күшейту көзделген. Осы тұрғыда квазимемлекеттік сектор өкілдерін компаниялар мен олардың қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырғым келеді», – деді Д.Каконов.

Кеңесте қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің теориялық және практикалық аспектілері егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Айта кетейік, бүгінгі күні 320-дан астам квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс бойынша мамандар тағайындалды, олардың міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік адалдық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін қорғау.

Комплаенс бойынша жауапты қызметкерлер үшін оқыту тренингтері өткізіледі, өз кезегінде комплаенс-қызметтер ұйымдарда жүргізілетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыс туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар