Ақмолалық өрт сөндіруші Мәскеуде өткен халықаралық ән байқауында үздік атанды

Көкшетау қаласының Өрт сөндірушісі Шерхан Қалымбек Мәскеу қаласында өткен II Халықаралық «Біздің қауіпсіз әлем. «Қауіпсіздік дауысы» ән байқауында жеңіске жетті. Бұл туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара барысында мәлім болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев әншіні Мәскеудегі әріптестерінен келген грамота мен естелік мүсінді табыстап құттықтады. Байқау Ресей, Беларусь және Қазақстан Республикасының өрт сөндірушілері арасында онлайн форматта өткен.

Қорытынды бағалау рейтингісін автоматты жүйе есептеді. Халықаралық қазылар алқасының құрамына ақындар, композиторлар, орындаушылар, шығармашылық ұжымдардың жетекшілері және министрліктер мен ведомстволардың мамандары кірді.

Байқау 5 аталым, 5 жас тобы бойынша өткізілді, кәсіби орындаушылар мен әуесқойлардың жеке және топтық орындауы болды. Үздіктерді анықтау оңай болған жоқ, өйткені қазылар алқасына  2321 адам қатысқан 548 нөмір болды. Өтінімдер 57 өңірден келіп түскен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар