Алғашқы «Жас ғабдуллиншілдер» республикалық слеті жұмысын бастады

Бүгін Қазақстанның мәдени астанасы жобасы мен Балалар жылы аясында Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері М.Ғабдуллиннің есімімен аталатын республикалық мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған алғашқы «Жас ғабдуллиншілдер» республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Батыр тұлғасын үлгі ете отырып, жастардың жүрегіне отансүйгіштік рухты ұялату, жас ғабдуллиншілдердің бойына қазақтың ерлік салтын сіңіріп, патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы, Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері, республика бойынша Мәлік Ғабдуллин есімімен аталатын мектептерде құрылған «Жас ғабдуллиншілдер» клубының мүшелері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының 5 облысынан, атап айтқанда Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан және Алматы облыстарынан оқушылар қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова республикалық слет қатысушылары мен келген қонақтарды ашылу салтанатымен құттықтай отыра, аталмыш іс-шараның М.Ғабдуллин есімі берілген мектептермен ынтымақтастық байланысын бұдан ары нығайтуға үлкен септігін тигізетінін ерекше атап өтті.

Республикалық слет аясында қатысушыларға Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллиннің туған жерімен танысуға және М. Ғабдуллиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысуға бірегей мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде қатысушылар үшін Мәлік Ғабдуллин музейіне экскурсия ұйымдастырылып, Кеңес Одағы Батырының жеке кабинеті, жұмыс орнымен танысу мүмкіншілігі пайда болады және де  Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия мене Мәлік Ғабдуллиннің туған жері Қойсалған, Құлет, Желтау ауылдарына сапар ұйымдастырылады.

Республикалық слет аяқталуына қарай слетке қатысушы педагогтармен баспасөз конференциясы өткізіледі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар