Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құралайдың салқыны немесе киіктердің киесі - АРҚА АЖАРЫ

Құралайдың салқыны немесе киіктердің киесі

Қазақ ұғымында «Құралайдың салқыны» деген сөз бар. Бүгінгі таңда оның сирек қолданылып, көмескіленіп бара жатқан осы ұғымда  үлкен мән жатыр. Ауылдағы ата-әжелеріміздің аузынан естіп қалып жататынымыз болмаса, қала халқы көп сезіне бермейтіні шындық. Жалпы, еліміздің батысы, орталығы, солтүстігі болсын шамамен мамырдың ортасынан басталып, он шақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері.

Көбінесе адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық  жел еседі не жауын-шашынды болады. Осы кезде киіктер лағын аяқтандырады. Шындығында, мамырдың орта тұсында қалың киімінен жеңілдеп, жылымық ауаға бой үйрете бастаған жұртты бір тоңазытып өтетін қоңыр салқын күндерді «Құралайдың салқыны» деп атаудың өзіндік мәні осыда. Табиғаттың төл баласындай болған бұрынғы қазақ киіктің жаппай төлдеуі, төлін аяқтандыруы табиғаттың құбылмалы, салқын кезіне дөп келгендіктен бұл кезді «құралайдың салқыны», «құралайдың суығы», «киіктер лағын өргізетін кез» деп атап кеткен. Құралайдың салқыны амалында күн күрт бұзылып, таулы, шоқылы жерге қарай бұлт үйіріледі. Мұндай қолайсыздық бір аптаға, кейде оншақты күнге созылады. Осы кезде төлдеуі жақындаған қоңыр аңдар бұлт үйірілген жерлерге топтасатын көрінеді. Оның мəнін аңшылар «қоңыр аңдар күннің көзінен таса жерге төлдеуге ұмтылады» деп түсіндіреді. Соған байланысты ел арасында киік лағын өргізген жерге найзағай ойнайды деген де ырым бар. Құралайдың салқыны амалында аспанды бұлт торлап, аздаған жел тұрады.

Міне, біз қазір дәл сол мезгілге тап келдік. Осы кезде жаппай төлдеген киіктердің лақтары желге қарсы жүгіріп, тынысын ашып, тез аяқтанып кететін көрінеді. Бір ғажабы, киік қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп үлгереді екен. Түз жануарларының тез төлдеуінің бір сыры – аналық киіктер кез-келген құралайды емізіп, бауырына ала беретін көрінеді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмайтыны осыдан болса керек. Сондай-ақ, киіктің киелі жануар екендігін білдіретін тағы бір жағдай бар. Атап айтқанда, көктемнің соңында, тек мамырдың 22-28-і күндері ұлы даладан қазақтар «түйе­табан» деп атап кеткен өсімдікті көруге болады. Кереметтігі сонда, оның аса үлкен жасылдау-қызғылт түсті жапырақтары жаңа туған киік құралайын жасырып тұрады екен. Сол себепті қырағы бүркіттердің өзі табиғаттың қорғауында жатқан құралайды көре алмайтын көрінеді. Сөйтіп, құралайлар аяғынан тұры­сымен-ақ, әлгі «түйетабан» өсім­дігі келесі көктемге дейін жоғалып кетеді екен.

«Құралайдың салқыны» кей жылдары суық жаңбырға ұласып, мал мен жанға қолайсыздық əкеліп, əбігерге салатын кездері де болады. Жалпы, ел аузында киіктердің киесі туралы көптеген әңгімелер бар. Солардың біріне тоқталсақ, Адам ата жерге түскен соң барлық жан-жануар Хақ тағаланың орынбасарын көруге ынтық болыпты. Сол кезде ең алғаш Адам атаны көрген ақбөкен екен деседі. Ол «Алланың халифасы жерге түсті» дегенді естігенде қазақ даласынан Жидда тауына қарай желіп отырыпты. Ол кезде Адам ата мен Хауа ана Жидда тауының етегінен үй салып, тіршілік кешіп жатқан екен. Содан киіктер ұзақ жол жүріп, шаршап-шалдығып, Адам атаның тұрағына жетіп құлаған екен. Адам оны көтеріп алып, үйіне әкеледі де, оған інжірдің жапырағын беріп асырайды. Адам ата мейірленіп оның тұмсығынан сипағанды жақсы көреді екен. Пайғамбардың қолы тигендіктен, ақбөкеннің тұмсығы өзге аңдардан ерекше сұлу болып бітіпті. Арқасынан сипағанда, денесінен хош иіс шығыпты. Аяғынан сипағанда, тұяғы қасиетті болып, мың бір ауруға ем болыпты. Тіпті, қуса жеткізбейтін жүйрік жануарға айналыпты. Көзінен өпкенде жанарына көрік бітіп, сұлу жануарға айналып шыға келіпті. Мүйізінен ұстағанда, оған да шипалық қасиет дарыған. Пайғамбардың алақаны беліне тигенде, буаз кезінде іштегі елігінің жынысын қалауына қарай өзгерте алатын болыпты.  Ақбөкеннің арнайы келісіне риза болған Адам ата: – Жануарым, мен саған ризамын. Бұйымтайың болса айт. Мейірімді Алладан дұға етіп, бір мұқтаждығыңды өтейін, – депті. Сонда ақбөкен:

– Төлдегенде құралайым шыбын-шіркейге жем болады. Одан қалса, қасқыр шабады. Даланың шөбі төлдерге ауырлық етіп, қоң жинай алмайды. Осы қиындықтан құтқарсаң, – депті. Осылайша Адам ата Тәңірісіне ақбөкеннің арызын жеткізіп, қиындықтан құтқарыпты. Содан бастап Алланың әмірімен киіктер төлдейтін кезде бетпақдалада шыбын-шіркейді шығартпайтын суық болады екен. Мұны қазақта «құралайдың салқыны» деп атағаны сондықтан. Ұлы Алла сол уақытта қасқырдың киікке деген тәбетін тыяды екен. Құралайлар көшке ілескенше қасқырлар оларға жақындай алмайды. Қайта киік төлдеген суық кезде етке құмар дала жыртқышының тістері қақсап, тәбеті қашып, жақындай алмайды екен. Тек құралай аяғына тұрып, енесіне еріп жүре алатын шақта ғана жыртқыш аңдардың тәбеті қайта оралады. Табиғаттың осындай ерекшелігіне қалай таң қалмайсың! Оған қоса, жас киік төлдеріне арнап даладан түйетабан деген шөп шығады. Ол тек ақбөкен төлдейтін кезде көгеріп, көктеп, лақтарға азық болады екен.  Ақбөкен Тәңірдің халифасын көріп, қолынан жем жеп, мақсаты орындалған соң Бетпақдалаға қайтпақшы болады. Сол кезде Адам ата оған «Сахараға сән болатын, ырыс-құт дарытқан ақбөкен бол», – деп батасын берген екен. Содан бастап киікке кие бітіп, қасиетті аң саналыпты. Оны нақақ өлтіргендер Адам атаның қарғысына ұшырайды деген түсінік осыдан қалыптасқан. Діни қиссаларда Адам ата жерге түскен кезде пейіштен інжірдің бес жапырағын алып түскен екен. Сол жапырақтың біреуін бал арасы, біреуін жібек құрты, біреуін киік жеген деп айтылады. Қалған екеуін Адам ата жерге егіпті. Киік пейіштің жемісін жегендіктен киелі аңға айналыпты. Ел аузында Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) киікті құтқарған деген аңыз бар. Бірде киік аңшының торына түсіп қалыпты. Киіктің мүшкіл жағдайын көрген пайғамбар дереу атына мініп, аңшының тұзағына барыпты. Қараса, аңшы олжасын бауыздайын деп жатыр екен. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) аңшыға:

– Киікті босатып, менің жанымды ал. Құрбаның болайын, тек өлтіре көрме, – деп алдына бас ұрады. Аңшы пайғамбардың мейірім-шапағатына риза болып, киікті босатып жібереді. Ел арасында «киікті нақақ өлтірме», «киікке пайғамбар араша болған» деген насихат осылай тараған. Киікті өлтірсе, Мұхаммед пайғамбардың наласы ұрады деген де сенім де содан қалыптасса керек.  Тәлім-тәрбиелік мәні зор осындай әңгімелерден кейін құралайдың салқыны немесе киіктердің киесінің қандай екенін бағамдай берсеңіз болады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар