Аудан әкімдігінің мәліметінше, акция барысында Зеренді ауылының Фрунзе және Ілясов көшелерінің бойында жүздеген жеміс ағаштарының көшеттері, атап айтқанда, жидек пен алма ағаштары отырғызылды.
Акцияға ауданның мемлекеттік ұйымдарынан бөлек, жергілікті тұрғындар да қатысты.
«Тұрғындардың да шараға қатысып, игі іске белсенділік тантып отырғандығы қуантады. Алдағы уақытта мұндай акцияларды әрі қарай да жалғастырамыз», – деді аудан әкімі Әсен Жақсылықов.
Айта кетсек, әкімдіктің дерегі бойынша ауданда өткен жылы да Зеренді орман-саябақ аймағы мен бірқатар ауылдық округтер аумағында барлығы 1000-ға жуық жеміс көшеті отырғызылған.