Ақмолалық спортшы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегері атанды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Бразилияда 24-ші жазғы Сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Жарысқа 21 спорт түрі бойынша әлемнің 100 елінен 4000-нан астам спортшы қатысуда.

«Грек-рим күресінен есту қабілеті нашар спортшылар арасында өткен жарыста ақмолалық спортшы Алдияр Балташев қола жүлдеге қол жеткізді. Бапкерлері Ерсана Каспаров пен Ниязбек Бекішевтің айтуынша, Алдияр 60 кг салмақта боз кілемге шықты», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ол осы жарыста есту қабілеті нашар спортшылар арасында өткен грек-рим күресінен Ақмола облысының қоржынына алғашқы медаль салып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар