Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халық қалаулылары ел арасында - АРҚА АЖАРЫ

Халық қалаулылары ел арасында

Өңірімізге ағымдағы жылдың 12 мамыр мен 20  маусым аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері – А.С.Үйсімбаев, Ю.В.Кучинская, М.С.Елубаев пен М.А.Құсайыновтар жұмыс сапарымен келіп, халықпен кездесулер өткізді.

Мәжілісмендер сапарының басты мақсаты – Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумды қолдау, яғни халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Сонымен, мамырдың он үші күні халық қалаулылары Бурабай ауданының Кіндікқарағай ауылындағы іске қосылғанына бір жарым жылға жуықтаған сүт-тауарлы фермасының еңбек ұжымымен кездесіп, алдымен  бесінші маусымда өтетін референдумның  маңыздылығына тоқталды.

– Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізілмек, бұл 50-ден аса түзетулер деген сөз. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені, реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді. Суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшетін боламыз. Бұл азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс. Қазір әлеуметтік желі арқылы шындыққа сай емес ақпараттар тарап жатыр. Сондықтан, біздің мақсатымыз халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Нақты қандай өзгерістер енгізілетінін, не өзгеретінін халыққа түсінікті тілмен жеткізу. Кешеден бері халықпен жүздесіп жатырмыз. Түсіндіргеннен кейін барлығы қолдайтынын байқадық, – дейді депутат Мәди Елубаев.

Мәжіліс депутаты Асқарбек Үйсімбаев 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады, деп атап өтті. Халық қалаулыларын мұқият тыңдаған ауылдықтар Президенттің реформалары елдің дамуына оңтайлы ықпалы тиетініне сенімдерін бар екенін білдіре отыра, референдумның өтуін қолдайтындықтарын танытты.

– Бізге Жаңа Қазақстанды  қайтсек құра алатынымыз жөнінде жақсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Соны біз қолдаймыз. Президентіміздің Жаңа Қазақстан құрайық деген Жолдауын оқыдық, Президентті қолдаймыз. Тек  ауылға көбірек көңіл бөлінсе дейміз.  Біз міне, шағын болса да осы шаруашылық ұжымымен Президенттің бастамасын қолдаймыз. Референдумға ұжым болып қатысамыз деп отырмыз, – дейді, сүт тауарлы ферманың мал дәрігері Бейсенбай Ахметов.

Сүт-тауарлы ферманың жұмысымен танысқан халық қалаулылары Бурабай ауданындағы мал шаруашылығының жақсы дамып келе жатқанына куә болды. Әсіресе, шаруалар өндіріске бет бұруда. Мәселен, сүт-тауарлы фермасы сүт өндірісін іске қосу мақсатында Чехиядан 93 асыл тұқымды (симменталь) ірі қара сатып алған. Бүгінде мұнда күніне 1 мың тонна сүт сауылады.

Халық қалаулыларымен жүздескен ауылдықтар зейнеткерлік жасын  төмендету бойынша өз ұсыныстарын да жеткізді. Сондай-ақ, шабындық және жайылымдық жер мәселесін көтерді. Ауыл шаруашылығына қатысты сұрақтарға жауап берген Асқарбек Үйсімбаев  басқа да  атқарылып жатқан жұмыстармен жақынырақ танысты. Ал, зейнеткерлік жас туралы сұрақтар әлі де талқыланып жатқанын баса айтты.

Жалпы, референдумды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мәжілісмендер Ақмола облысының барлық аудандарында болып, тіпті шалғай ауылдардың тұрғындарымен жүздесуді жоспарлауда. Олардың сапары маусымның 3-іне дейін жалғасатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар