Мәжіліс депутаты Сандықтау ауданының тұрғындарымен кездесті

Аудан активімен өткен кездесуде Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева сандықтаулықтарға «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы әңгімелеп берді. Соның ішінде бірқатар түзетулердің ел Парламентінің рөлі мен өкілеттігін күшейту мақсатында қабылданғалы  отырғаны айтылды.

Депутаттың мәлімдеуінше, қоғамымыз қазір саяси жүйені демократияландыру бағытына ұмтылып отыр. Сондықтан, Жаңа Қазақстанды құру үшін Конституцияның жетілдірілгені керек.

Наталья Дементьева «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Ермек Нұғымановпен бірге аудандық ауруханада да осындай кездесу өткізіп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар