Ақмола облысында «Үздік Ұланбасы – 2022» анықталды

2022 жылдың 13 мамырында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауы өтті. Оған аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары және Көкшетау қаласының дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты қатысты, жалпы саны 9 ұланбасы қатысты.

Іс-шара өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы және «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі.

«Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауы «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі!» тақырыбында, төмендегі кезеңдер бойынша өтті:
-Таныстыру;
-2021-2022 оқу жылында өткізген іс-шаралар жөнінде презентация;
-Аудан/ қаладағы «Жас Ұлан» ББЖҰ дамытуға бағытталған өзінің ұсынатын бағдарламасы;
-«Шығармашылық шеберхана»
– «Көрермендер көзайымы» арнайы аталымы,

Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп интернатының Ұланбасы Алуа Дулатова;
2 орын – Атбасар ауданының Ұланбасы Ариана Марденова;
3 орын – Есіл ауданының Ұланбасы Дарья Сергеева;
3 орын – Целиноград ауданының Ұланбасы Мақсат Тілектес.
«Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша Бурабай ауданының Ұланбасы Досбол Рахимбеков марапатталды;

Байқаудың бас жүлдегері «Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауының кубогымен, жеңімпаздар диплом, сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін сертификат және естелік сыйлықтар табысталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар