Референдум бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда

Бүгін Целиноград ауданының Рақымжан Қошқарбаев және Мәншүк ауылдарының тұрғындарына Референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осынау маңызды миссиямен ауданға Референдумды қолдау бойынша құрылған Республикалық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асқарбек Үйсімбаев келген болатын.

Халық қалаулысы ауыл тұрғындарымен Ата Заңдағы өзгеріске ұшырайтын баптарды талқылап, Референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу кері байланыста өткендіктен, ауылдықтардың референдумға қатысты айтылған ұсыныс-тілектері ескерілетін болады. Мәжіліс депутатына ауыл тұрғындары тарапынан басқа да сұрақтар қойылды.

Мәселен, Рақымжан Қошқарбаев ауылының тұрғындары Нұра өзенінің жағасын бекіту және Кеңес ауылының ескі зиратын су шаюдан қорғау мәселелерін көтеріп, бұл бағытта қолдау сұрады.

Ауылдықтардың өтініш-тілектері партиялық бақылауға алынады. Ал, ауылдықтар Ата Заңға енгізілетін өзгерістерден хабардар болып, қажетті ақпаратқа қаныққандықтан, Президенттің реформаларын қолдайтындықтарын танытты. Яғни, ауылдықтар референдумға қатысып, қолдау білдіруге дайын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар