«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы кезекті сапарға шығады

«Ұлық Ұлыс (Алтын Орда)  хандары жолымен ұлт жанашыры, жаңа идеяның жақтаушысы Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың қолдауымен және «Бабалар рухына тағзым» қоғамдық қорының демеуімен «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастыру мақсатымен 2022 жылдың маусым айының 1-і мен 14-і аралығында кезекті сапарға шығады.

Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Ұлық Ұлыс(Алтын Орда) хандары жолымен» атты тарихи-танымдық экспедициясы биыл да өз сапарында ұлт ардақтыларын ұлықтай түседі. Биыл мәселен, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде, ЮНЕСКО аясында атап өту жоспарлануда, сондай-ақ, биыл  шығыстың қос жұлдызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова мен Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың  туғандарына 100 жыл толады.

Бұл тарихи-танымдық экспедицияның осы жолғы сапарының мақсатыҚазақстанның Батыс өңірінің ерлік, тарихи, рухани-мәдени өмірі мен салт-дәстүрін зерделеу, өңірдің ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығына зер салу, киелі орындармен танысу, ежелгі қала орындарын зерттеу, қалалардың сәулетімен және мәдениетімен танысу, қазақтың азаттығы үшін болған шайқас орындарына бару, сондай-ақ, тарихи-өлкетану музейлерінің жұмысымен танысу.

Сапарымыздың бағыты Көкшетау – Атбасар – Жаңа Қима  Жарқайың – Арқалық – Амангелді – Торғай – Ырғыз – Шалқар – Тұрыш – Бейнеу – Сайөтес- Бекет Ата – Сейсем Ата – Манаты – Шопан Ата -Жаңаөзен – Жетібай – Қараман Ата – Ақтау – Форт – Шевченко – Шерқала- Сұлтан Үпі – Шақпақ Ата – Шетпе – Манаты – Бейнеу – Құлсары – Доссор – Жантерек – Доссор- Атырау – Сарытоғай – Аққала- Тайсақ – Жанқала(Жәнібек кесенесі) – Сайхын – Бисен – Жәнібек -Қамысты – Жәнібек- Казталовка – Жалпақтал – Чапаево –  Орал – Тақсай кешені – Орал- Жымпиты -Исатай батыр кесенесі- Қобыланды батыр кесенесі- Абақ – Байтан қорымы- Ақтөбе –Бестамақ – Ақтөбе – Хромтау- Қарабұтақ – Талдысай- Толыбай ауылы (Хан моласы) – Жуалы – Орджоникидзе- Октябрьское – Рудный- Қостанай – Сатай- Жаңасу – Сарыкөл – Западное – Новошимка – Саумалкөл – Көкшетау болып жалғасып кете береді.   Бұдан біз жолымыздың ұзақ та сан қилы  екенін байқаймыз. Жалпы, барып-келу шамамен 8500 шақырымды құрайды. Тағы бір айтарымыз, жол тандамайтын көліктері бар әрі елін, жерін шын сүйетін, соған орай, экспедицияға қосылғысы келген азаматтар мына телефонға хабарласып, бізбен сапарлас бола алады: 87015118568 (Мұрат қажы Ыдырысұлы).

Сондай-ақ, біздің экспедицияның барған жерлері туралы мәліметтер мен бейне фильмдерді әлеуметтік желілерден де көрулеріңізге болады.

Мұрат қажы ЫДЫРЫСҰЛЫ,

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жетекшісі,

ҚР Қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, Біржан сал ауданының құрметті азаматы, Құрметті өлкетанушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар