Аршалы ауданына – жаңа әкім

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Аршалы аудандық мәслихатының келісімімен, облыс әкімінің 2022 жылғы 13 мамырдағы өкіміне сәйкес Аршалы ауданының әкімі лауазымына Мұрат Сағатұлы Балпан тағайындалды.

Мұрат Сағатұлы Балпан 1970 жылы туған, білімі жоғары. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, сондай-ақ, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын  бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақкөл ауданының «Хлебороб» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1994-1998 жылдары Ақкөл ауданының Наумов ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 1999-2008 жылдары Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы, одан әрі Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті  қорғау жөніндегі агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Аймақаралық инспекциясының бастығы.

Әр жылдары Бұланды, Жарқайың аудандарының әкімі, Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2021 жылдың қаңтарынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар