Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шәкірттерімді  мұражайға баруға баулимын - АРҚА АЖАРЫ

Шәкірттерімді  мұражайға баруға баулимын

Мұражай – өткен мен болашақты жалғастырушы көпір іспеттес. Ол тарих шежіресі. Әр халықтың тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен, мәдениетінен,  өткен тарихынан хабар беретін құнды қазынға толы  орын. Мұражайларды аралаған адам тарихи атмосфераға қанығады.

«Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» дегендей, өткен тарихымыздан сыр шертетін мұражай ісін жандандыруға әрбір азамат атсалысу керек деп ойлаймын. Сол себепті, ұстаз ретінде өскелең ұрпақты дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, өткен тарихынан сусындата отырып, болашаққа өз ұлтының патриоты ретінде нық қадам басуға жетелеуді жөн көрдім. Осылайша оқу бағдарламасымен байланыстыра отырып, оқушыларды еліміздегі мұражайлармен таныстыруды мақсат еттім.

Ауылымыз Қараөткелдің Нұр-Сұлтан қаласының іргесіне тиіп тұрғанымен,  бірде-бір рет мұражайға бармаған оқушыларды кездестірдім. Бұл біздің, ұрпақ тәрбиесінде жіберіп алып жатқан олқылықтарымыздың бірі деп білемін.  Сондықтан, өзім тарих пәнінің мұғалімі ретінде Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі «Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары», «Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» тарауларын өткен уақытта  отбасы тәрбиесіне, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес  қосатын, осы мұражай мәселесін де ескеріп, оқушыларға кем дегенде бір мұражайға барып, алған әсерлері туралы шығармашылық жұмыс жазып келуді тапсырдым.

Нәтижесінде мұражайға барып келген оқушылардың алған әсерлері ерекше болып шықты. Оқушылар бір-бірімен өздері барған осы мұражайлар жайлы ақпарат алмасып, өзгеше бір толғаныста болды. Енді оқушылар тарапынан Ақмол ауылындағы АЛЖИР мұражайына баруға ұсыныс түсуде. Бұған дейін де кейбір сыныптармен аталған мұражайға бірнеше рет барып, үлкен әсермен қайтқан едік.  Оқушыларымның осы белсенділігіне қарағанда, бір қадам болса да, әуелде көздеген мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Ендеше, бала тәрбиесін сонау түп-тамырымыздан бастайық. Ұрпақтарымыз ата-бабасын, елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін мақтан ететіндей ақпаратқа қанық болса деймін. Сондай шаралардың бірі – осы мұражай ісін жандандыру.

Съезхан Нұршаш, Қараөткел мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі.  

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар