Жерлесіміз сурдлимпиададанқола медальмен оралды

Бразилияда өткен XXIV Жазғы Сурдлимпиада ойындарында еркін және грек-рим күресіненүш дүркін ел чемпионы, жерлесіміз Алдияр  Балташев қола жүлдеге ие болып, ақмолалықтардың мерейін үстем етті.

2021 жылдың қазан айында«Bolashaq» сарайының жас балуаныАлдияр еркін күрестен Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамында Беларусь Республикасының ашық кубогына қатысып, халықаралық жарыстаҚазақстан қоржынына бірінші алтын медальді салды. Бүгінде Алдияр Бекжанұлы есту қабілеті бұзылған балалар арасында еркін күрестен спорт шебері, Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының құрама командаларының мүшесі.

Қазіргі уақытта Алдияр Бекжанұлы №1 құрылыс – техникалық колледжінің «сәндік-қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік» мамандығының 3 курс студенті. Білім ордасының ұстаздары да Алдиярдың байсалды, мейірімді мінезіне тәнті. Болашағынан зор үміт күттіретін спортшы барлық күш-жігерін тынымсыз жаттығуларға салуда. Өйткені, бағындырар белестер әлі де аз емес.

Қазақстаннан барған палуандар17 команданың ішінен суырылып шығып, үшінші орынға табан тіреді. Бірінші орында Иран, екінші орында Түркия елі. Ел құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Сенбі күні Бразилиядан жеңіспен оралған жерлестерімізді Ақмола жұртшылығының өкілдері де әуежайдан құрметпен қарсы алды.

–Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Жігіттер жарады. Көптеген оқу-жаттығу жиындарының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Алда жігіттер дайындығынодан әрі жетілдіріп, келесі Сурдлимпиада ойындарында бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын, – дейді грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Мұқажан.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар