Ақмола облыстық орыс драма театры «Тикетон-2022» сыйлығын жеңіп алды

Тикетон – мәдениет, өнер және спорт салалары бойынша берілетін қазақстандық сыйлық. Бұл марапатқа түрлі номинациялар бойынша кино, театр, спорт, концерттік іс, бизнес және қоғам қайраткерлері ұсынылады. Биыл осы додада Ақмола облысы өнерпаздарының маңдайы жарқырап, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Атап айтсақ, білікті басшы, білімді ұйымдастырушы Бейбіт Салауатұлы Бахтыгереев жетекшілік ететін Ақмола облыстық орыс драма театры «Жылдың  аймақтық қойылымы» номинациясын жеңіп алып, топ жарды. Бұл өңір өнері үшін зор қуаныш!

Дүлдүлдер мен кіл жүйріктер қатысатын өнер додасында жүлде алып, мұндай марапатқа жету оңай-оспақ шаруа емес. Осы орайда, театрдың директоры Бейбіт Бахтыгереев пен бас режиссері Ольга Луцинаға, театр труппасына алда да зор шығармашылық табыс тілейміз.  Өнерлеріңіз өрлей берсін,  үздік театр өнерпаздары!

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар