Диқандар тәжірибесіне сүйенеміз

Аршалы ауданы облысымызда ауылшаруашылығы саласымен айналысатын негізгі  өңірлердің бірі болып саналады.Ауданның Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастырудағы рөлі зор.

Осы жауапкершілікті сезіне отырып, биылғы жылы аудан барлығы 212,2 мың гектар алқапқа егін екпекші. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,764 гектарға артық. Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 192,8 мың гектар жерге сіңірілсе, ол өткен жылғыдан 17 796 гектарға артық деген сөз. Майлы дақылдар болса  8,6 мың гектар жерге егілді.

Бүгінгі таңда аудан көктемгі егіс науқанына белсене кірісті. Егіс өніктілігіне ауарайының әсері мол екенін ескерсек, Қазгидромет мәліметі бойынша 2021-2022 жылдың күзгі және қыс мезгілдерінде жауын-шашынның жеткіліксіз көлемде түскенін байқаймыз. 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында 146 миллиметрдің орнына  135,1 миллиметр ылғал түскен. Сондықтанда егістік алқапитың ылғалдылығы төмен деуге болады. Демек, диқандарға үлкен ықыласпен жұмыс жасауға тура келеді.

Күз мезгілінде 43,8 мың гектар жерге сүдігер жыртылып, 127 гектар жерге қыс алдында егілер біржылдық  астық тұқымы егілді. Қар тоқтату жұмыстарына да баса көңіл бөлінді. Көктемгі алқапты дайындау жұмысы да ойдағыдай ұйымдастырылды. 95 агрегат жұмыс істеп, 186,6 мың гектар жерде ылғал жабылды. 16 546 гектар аумаққа 462 тонна тыңайтқыш себу жоспарлануда.

Жалпы, аудан бойынша көктемгі тұқым себу науқаны сәтті басталды және жоспарланған уақытта диқандарымыздың жылдар бойғы тәжірибелеріне сәйкес ойдағыдай аяқталады деген  сенімдіміз.

                                                     Самат ЕҢСЕБАЕВ,

                                 Аршалы ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар