Өңірдің ахуалы жаман емес

Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Біржан сал ауданының әкімі Досбек Есжановтың Мемлекет басшысының Жолдауының аясында аумақтық даму туралы брифингі болып өтті.

Әкім өз сөзінде  жер жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мемлекеттік қорға 28 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды деді. Оның ішінде 9 мың гектар егістік, 19 мың гектар жайылымдық алқап. Қазіргі таңда жалпы ауданы 100 мың гектар жер тапшылығы бар және де бұл мәселе туралы жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Сонымен қатар, аудандағы азаматтарды жұмыспен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы жылы 267 тұрғын  әлеуметтік көмек  алса, 156 тұрғын жұмысқа орналасу бойынша жүгінген, соның 131-і жұмыспен қамтылған. Әлі де 97 тұрғын жұмыссыз.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Үлгілі ауылында спорт алаңын орнатуға 20 миллион теңге бөлу қарастырылуда, Аңғалбатыр ауылында спорт алаңын орнатуға 20 миллион теңге бөлінді. Жастардың бос уақытында спортпен шұғылдануына  жағдай жасау үшін өткен жылы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен жаңа «Жеңіс» жасөспірімдер клубы салынды. Оған қоса,Степняк қаласындағы орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, аудан орталығында,  Андықожа батыр,  Еңбекшілдер, Макинка ауылдарында заманауи спорт алаңдары орнатылды.

Сондай-ақ, Степняк қаласы мен Баймырза ауылында спорт алаңдары орнатылады. Тағы бір атап өтуге болатын үлкен жұмыстардың бірі, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ауданда тұрғын үй құрылысықарқынды жүргізілуде. Степняк қаласында абаттандыру мен инженерлік   желілері бар екі 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз.Сонымен қатар, биылғы жылы бес елді мекенде мал қорымдарын салу үшін сметалық құжаттамаларды әзірлеу жоспарланып отыр.Ағымдағы жылы Степняк қаласындағы №1 және Еңбекшілдер мектептеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 270 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді.Сонымен қоса, бүгінгі таңда Донской және Кенащы мектептерінде күрделі жұмыстар жүргізу үшін сметалық құжат дайындалуда. Дәл осындай көптеген мәселелер шешіліп, шешілмегендерін шешудің жолдары қарастырылып жатыр. Бәріне түйін сөз ретінде әкім өзі аудан тұрғындарын аптасына екі рет қабылдайтынын және әр ауылға барып, бақылап жүретіндігін айтты.

–Ауданда кәсіпкерлік жақсы дамып келе жатыр. Әрі тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп отырамын. Сондай кездесулердің бірінде көтерілген мәселелердің бірі жол болатын. Бүгінгі күні облыстың қаржысыесебінен Щучинск-Уәлихан тас жолына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осындай мәселелер оңынан шешілуі үшін мен халықпен диалог орнатып отырамын. Ауданның әр тұрғыны мені іздесе, айтар сауалдары мен мәселелері болса тікелей маған әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығуына болады,– деді аудан әкімі.

Брифинг соңында аудан әкімі сұрақтарға жауап берді. Және бұл брифинг әлеуметтік желіде(instagram) тікелей эфирде көрсетілді. Оған 100-ден астам адам қатысты. Қатысқан адамдар аудан әкіміне ризашылықтары мен алғыстарын айтып жатты.

Абылайхан ӘШІМХАН.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар