Әр салада ауқымды жұмыстар атқарылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңына келген Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы тапсырмаларын  жүзеге асыру мақсатында ауданда  атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, баспасөз өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Президент Жолдауының басты мақсаты – қуатты мемлекет және бәсекеге қабілетті халық. Алда бірқатар саяси реформалар жүзеге асырылып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, еліміздің  экономикасы  екпінді дами  түсуге тиіс.  Сандықтау ауданында да осы міндеттерді орындау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Ауыл шаруашылығы ауданның экономикасының  негізгі бағыты болып табылады. Биыл 324 795 гектар жерге дән егіледі. Оның 307 212 гектары астық және бұршақ тектес дақылдар,10352,7 гектары майлы дақылдар. Ал, 6618 гектары көпжылдық дақылдар мен жүгеріні қосқанда мал азығы болып табылады. 521,7 гектарға картоп, 90,4 гектарға көкөніс егіледі.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2021 жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға өсіп, 2 миллиард 50 миллион теңгені құрады. 23601 бас мүйізді ірі қара бар. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,5 пайызды құрайды. Қой мен ешкі саны 21164 басқа жетті.Ет өндіру 1195,2 тонна болса, ол өткен жылмен салыстырғанда 100,6 пайызға тең. 3188,5 тонна сүт, 719 мың дана жұмыртқа өндірілді. Былтыр негізгі капиталға14,7 миллиард теңге инвестиция тартылған, Ал, 2022 жылдың  бірінші тоқсанында 2,3 миллиард теңге инвестиция тартылса, ол – 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 118 пайыз.Құрылыс жұмыстарының ауқымы 54,6 миллион теңге. Бірінші тоқсанда 562 шаршы метр пәтер пайдалануға берілді.

2022 жылы порталдың көмегімен 209 вакансия орналастырылып, 171 адамға қолғабыс берілді. 2021-2025 жылдарға арналған  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 171 адам қатысты. Техникалық және кәсіби  білім беру колледжінде жылдық жоспарға  сай 14 адам оқып жүр. 2022 жылы арнайы әлеуметтік көмек беру талабы өзгерген. Оның жариялылығы, еңбекке ынталандыру бағыты артты. 200-ден астам адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.Шағын және орта бизнеспен айналысушылар 2019 жылы 986, 2020 жылы 1035 болса, 2021 жылы 1040 адам болып отыр.

87,5 миллион теңгеге аудан ішіндегі 47 шақырым жол жөнделген. 2021 жылы Мәдениет ауылында74,4 миллион теңгеге ішкі жолдарды жөндеу басталды. Осы ауылға кіреберістегі көпірді  22,8 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары қолға алынған. Ағымдағы бұл жөндеулер аяқталады. Сандықтау мен Новоникольское арасындағы жолдың тозығы жеткен еді. Оны жөндеу үшін 2021 жылы техникалық құжаттар даярланды. Биыл облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлініп, осы жолдың 18 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары басталмақ. Құны 782 миллион теңгені құрайтын жоба 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Балкашин селосындағы, Максимовка және Веселое ауылдарындағы жолдарды жөндеу қолға алынбақ.2021 жылы тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы кәсіпорнының материалдық-техникалық базасы да нығайтылды.

Красная Поляна, Спасское, Каменка ауылдары мектептерінің төбелері жөнделді. Мектептердегі қауіпсіздік жағдайлары ескеріліп, 17 мектепке 19 турникет алынды. Оқу ордаларының базасын жаңғыртуға да көңіл бөлінуде.

2021 жылы аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға  облыстық бюджеттен 124,2 миллион теңге бөлінді. Мәдениет, денешынықтыру мен спорт саласында  атқарылып жатқан жұмыстар көп.

Аудан бойынша орташа жалақы көлемі 200424 теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 133,1 пайызға өсіп отыр.Брифингте Ербол Жүсіпбеков журналистер қойған сұрақтарға толымды жауаптар қайтарды.

                                   Серік Сапарұлы,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар