“AMANAT” партиясы жанындағы референдум жөніндегі республикалық штаб мүшесі Жабал Ерғалиев өнер ұжымымен кездесті

Бүгін Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық- драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, “AMANAT” партиясы жанындағы референдум жөніндегі республикалық штаб мүшесі Жабал Ерғалиев өнер ұжымымен кездесті. Алдағы референдумның ойдағыдай өтуіндегі өнер мен мәдениет қызметкерлерінің парыздары жайлы пікір алмасу өткізді.

Кездесуді театр директоры Жарас Қалдаров ашты.
Біз жаңа Қазақстан құруды бастадық. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанып отырған бпғыты әділетті Қазақстан орнату. Конституцияға өзгерістер өткізу жөніндегі референдум сол мақсатты көздейді. Кездесуде осыны айтқан Жабал Ерғалиев әділетті қоғам орнатудағы және ұлттың жаңа болмысын қалыптастырудағы өнер мен мәдениет қызметкерлерінің зор жауапкершілігін атап көрсетті.

Елдің бірлігі бәрінен де қымбат! Ол бірлік өз тәуелсіздігіміді нығайту үшін керек. Кешегі қаңтар оқиғасы сияқты төтенше жағдайларға алдағы уақытта жол бермеуге тиістіміз.Сол үшін бәріміз де жауаптымыз. Елдің бірлігін бұзатын, жастарымызды еліктіріп-желіктіріп қоЯтын арандатушылық әрекеттер мен сөздерден аулақ болуымыз керек. Елге есті сөз айта білейік, жастарымызды берекелі істерге жұмылдыра білейік!

-Дүние бір күнде өзгеріп сала бермейді. Ақылмен, парасатпен ілгері жылжу, елімізді дамыту бүгінгі басты міндетіміз,-деген қоғам және мемлекет қайраткері Жабал Ерғалиев театр ұжымын референдумға белсенді қатысуға шақырды және сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, референдумға не бары төрт тәулік уақыт қалды.

Абылайхан ӘШІМХАН.

 124 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар