Полиция департаментінің жеке құрамымен референдум өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, “AMANAT” партиясы жанындағы референдум жөніндегі республикалық штаб мүшесі Жабал Ерғалиев Ақмола облыстық Полиция департаментінің жеке құрамымен маусым айының 5-і күні өтетін республикалық референдумға байланысты кездесу өткізді.

Оны облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Думан Таев ашып, жүргізіп отырды. Ақмола облысының 17 аудандары мен 3 қалаларының ішкі істер қызметкерлері кездесуге «онлайн» байланыс жүйесі арқылы қатысты.

“Қазақ елі өзінің дамуы мен өркендеуінің және демократиялық қоғам, әділ қоғам, заң үстемдік ететін қоғам орнатудың тарихи кезеңінде тұр. Қазір біз қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізгелі отырмыз.Бұл біздің тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, демократиялық жолмен дамуды тереңдету үшін аса қажет”,-дей келіп, Конститутциялық реформаның тарихи маңыздылығына тоқталды Жабал Ерғалиев.

Ол атап өткендей, біз тарихтың сындарлы кезеңінде тұрмыз. Прпезидентіміз Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан орнату жолындағы бар істерін қолдау біздің басты парызымыз. Ал, ол жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды орнатудың алғашқы қадамы қазіргі қолданыстағы Конституциямызды өзгертуден басталмақшы.

Біз заң үстемдігі бәрінен басым болатын қоғамда өмір сүргіміз келсе, ең әуелі Конституциямызды бүгінгі күннің және қоғамның бүгінгі талабына сай өзгертуге тистіміз. Кейіннен қабылданар өзге Заңдардың барлығы да әуелі Конституцияға талаптарына сай жасалатын болады. Өзгерістердің ең бір назар аударатын тұсы іс басындағы Президенттің жақын туыстарының саяси қызметтер атқаруға, квазимемлекеттік секторда басшы болуға құқтары болмайтындығы Конституцияда енді анық көрсетілетін болады,

“Биылғы жылдың 12 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барған сапары кезінде, іскер топ өкілдерімен кездесу барысында сөйлеген сөзінде «маған басы артық ешқандай биліктің артықшылығы керек емес» деп мәлімдеді. Бұл Президентіміздің адал сөзі!” -деп толықтырды Жабал Ерғалиев.

Кездесу барысында референдумға бір кісідей ұйымшылдықпен қатысумен бірге, полиция қызметкерлерінің тағы бір басты міндеті референдум өтетін күні қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мәселесі де назардан қалмады. Ақмола облыстық Ішкі Істер Департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Думан Таев өзінің қорытынды сөзінде ақмолалық полиция қызметкерлері жоғары жауапкершілік танытып, референдумға біркісідей қатысумен бірге қоғамдық тәртіптің сақталуын да басты назарда ұстайтындықтарын мәлімдеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар