Мәжіліс депутаты Көкшетаулық құтқарушыларға алдағы уақытта өтетін референдум туралы айтып берді @aqmola_tjd

Ақмола облысы, Көкшетау қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин келді.

Комитет төрағасы ТЖ департаментінің жеке құрамымен кездесулер өткізіп, кездесу барысында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум туралы айтып берді. Халық қалаулысының өрт сөндірушілермен және құтқарушылармен кездесулері облыстың ТЖД, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, қаланың жедел-құтқару жасағы және облыстың «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері» ММ ғимараттарында өтті.

Сондай-ақ, Александр Милютин өрт-техникалық қару-жарақпен, авариялық-құтқару жабдықтарымен және құтқарушылардың тұрмыстық жағдайларымен танысты. Жұмыс сапарының соңында Александр Милютин батырларымызға қиын қызметтеріне сәттілік тілеп, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және жоюдағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар