Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы сәуірде облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 107,4 пайыз құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 102,7 пайыз, республикалық мағынада тиісінше 107,3 пайыз және 102,7 пайыз құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 4,7 пайызға, азық-түлік тауарлары – 11,5 пайызға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 4,2 пайызға қымбаттады.
2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2022 жылғы 25 сәуірге дейін базалық мөлшерлеме 13,5 пайыз құрады. 2022 жылғы 26 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 14,0 пайыз құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда өзгермей, 85,9 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 33,4 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 52,5 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2022 жылдың сәуір айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 453,32 теңгені, еуроға – 491,97 теңгені, ресей рубліне – 5,77 теңгені құрады.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Ақмола облысында 60 айырбастау пункті, оның ішінде: 50 – банк филиалдарының, 4 – «Казпошта» АҚ-ның және 6 уәкілетті ұйымның 6 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2022 жылғы сәуірде облыстағы айырбастау пункттері 8,8 миллион АҚШ долларын, 1,2 миллион еуро және 520,3 миллион ресей рублін сатты. 2021 жылғы сәуір айында – 7,0 миллион АҚШ доллары, 1,2 миллион еуро және 506,8 миллион ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 256,5 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,0 пайызға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 2,2 пайызға азайды.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 84,8 пайыз-ды құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 9,28 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,8 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 349,5 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 324,5 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 24,0 пайызға, өткен аймен салыстырғанда 0,3 пайызға азайды (2022 жылғы 1 сәуірге – 325,4 миллиард теңге).
2022 жылғы сәуірде облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2022 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 14,0 пайыз өсіп, 30,9 миллиард теңгені құрады.
2022 жылғы сәуір айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 14,4 пайызды құрады.
2022 жылғы сәуірде теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 88,5 пайыз болды.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 117,5 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы сәуір айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 13,6 пайызға өсіп, 10 810,7 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 96,0 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы сәуір айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 5863,3 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 7,3 пайыз немесе 397,6 миллион теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 мамырға 56,2 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы сәуір айында 7534,5 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 19,1 пайызға өсті (2022 жылғы наурызда – 6327,3 миллион теңге берілді). 2022 жылғы сәуірде орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 12,7 пайыз құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2022 жылғы 1 мамырға 1 336 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен салыстырғанда 1,1 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,3 пайызын құрайды.
2022 жылғы сәуір айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 138 330,3 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 7,8 пайызға азайды). Транзакциялар саны 9 275,0 мың транзакцияны құрап 6,6 пайызға азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 7,1 пайыз азайып, 8 512,4 мың транзакцияны құрады, сомасы 12,2 пайызға азайды (мөлшері 90 103,4 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 0,4 пайызға дейін өсті (транзакциялар саны 762,6 транзакцияны құрады), сомасы 1,7 пайызға өсті (мөлшері 48 226,9 мың теңгені құрады).
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 17 518 POS-терминал, 422 банкомат, 10 149 кәсіпкер; 15 020 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.