«Алаш» әдеби сыйлығын алды

Алматыдан қуанышты хабар келді! Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының шешімімен жерлесіміз, белгілі жазушы-аудармашы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сарбас Ақтаев ағамыз 2021-2022 жылғы «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.

Бұл халықаралық әдеби сыйлықты қазақ әдебиеті мен баспасөзінің көрнекті өкілі «Мастер и Маргарита» кітабын қазақ тіліне тамаша тәржімалап шыққаны үшін алды.

Бұған дейін төл әдебиетімізге 15-тен астам прозалық, поэтикалық және публицистикалық шығармалар жинағын берген автор көп жылдар бойы аудармашылықпен де айналысып, шетел классиктерінің көптеген туындыларын ана тілімізге аударды. Олардың ішінде Сетон Томпсон мен Михаил Шолоховтың әңгімелері мен жинақтары. А.Камьюдің «Оба» және «Бөгде» романдары, Р.Фраерманның «Түз тағысы Динго»  повесі, тағы басқа туындылар ерекше орын алады.

Енді міне, сол инемен құдық қазғандай тынымсыз ізденісі жанып, кезекті тәржіма кітабы «Алаш» сыйлығымен аталып өтіп отыр. Бұл – жасы тоқсанға таяған қалам шеберінің қазақ әдебиетінің аударма жанрына сіңірген, соған орай, лайықты бағасын алған үлкен еңбегі. Лайым осы үрдістен танбай, жаңа шығармаларыңызбен аман-есен тоқсанның төрінен де көрініңіз, қымбатты Сәке! Сізге сол жолда зор денсаулық, отбасы амандығын  тілейміз!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар