1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы жас ақмолалықтар үшін іс-шаралар ұйымдастырды.
Филиал басшысы Қайрат Бекеннің бастамасымен түскі екі сағат аралығында орталық операциялық учаскесінде арнайы ойындар мен сайыстар, флешмоб, көңілді жарыстар өткізілді. Мерекеге филиал қызметкерлерінің 20-ға тарта балалары қатысты. Арнайы аниматорлар ұйымдастырған жаппай флешмобта балалар көңілді әуендерге ырғақпен бірдей қимылдап, мереке көркін қыздырды.
Іс-шара соңында балаларға жылы тілектер айтылып, барлық бүлдіршіндерге естелікке сыйлықтар таратылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағандықтан, облысымызда балаларға арналған іс-шаралар көп өткізіліп келеді. Оған пошта қызметкерлері де өз үлесін қосу үстінде.
Ғазиза ҰЛЫҚМАН,
Еуразия Ұлттық университетінің 2 курс студенті.