Пошташылар  Балаларды қорғау күнін атап өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы жас ақмолалықтар үшін іс-шаралар ұйымдастырды.

Филиал басшысы Қайрат Бекеннің бастамасымен түскі екі сағат аралығында орталық операциялық учаскесінде арнайы ойындар мен сайыстар, флешмоб, көңілді жарыстар өткізілді. Мерекеге филиал қызметкерлерінің 20-ға тарта балалары қатысты. Арнайы аниматорлар ұйымдастырған жаппай флешмобта балалар көңілді әуендерге ырғақпен бірдей қимылдап, мереке көркін қыздырды.

Іс-шара соңында балаларға жылы тілектер айтылып, барлық бүлдіршіндерге естелікке сыйлықтар таратылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағандықтан,  облысымызда балаларға арналған іс-шаралар көп өткізіліп келеді. Оған пошта қызметкерлері де өз үлесін қосу үстінде.

Ғазиза ҰЛЫҚМАН,

Еуразия Ұлттық университетінің 2 курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар