Барлық аумақтық референдум комиссиялары дауыс санап жатыр

– Еліміздің барлық өңіріндегі аумақтық референдум комиссиялары ел азаматтарының дауысын санап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 және 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 12 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды . Ал сағат 21.00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 858 учаскеде өңір тұрғындары дауыс беріп болды .

Сонымен қатар шет елдердегі 5 учаске де жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта шет елдердегі 48 учаскеде ғана дауыс беру жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 936 655 адам дауыс берді. Бұл – дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 67,65 пайызы.

Ал шетелде жүрген 5 100 отандасымыз өз таңдауын жасады. Жалпы, еліміз бойынша референдумға қатысу мүмкіндігі және құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 732 699 адам енгізілген болатын. Олар 10 012 референдум учаскесінде дауыс берді. Сондай-ақ шетелдегі отандастарымыз үшін 52 мемлекеттегі Қазақстан елшіліктерінің жанынан 65 референдум учаскесі ұйымдастырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар