Әрбір қазақ білуі тиіс қасірет

«Қазақтар бар-жоғы 10-15 жылдың (1919-1933) ішінде халқының жартысына жуығын жоғалтты. Дүниежүзілік тарих мұндай қасіретті білмейді. Ал, бұны білу, есінде сақтау әрбір қазақ үшін парыз.» деген  еді Валерий Михайлов.

Қазақтарихында «Ұлы жұт» атауымен қалған ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптарының өте ауырлығы жайлы айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл апат Алтайдан Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған. 1919-1922 жылдары болған аштықтың бір себебі, елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Халықты қынадай қырған 1931-1932 жылдардағы жан түршігерлік қасіреттің себебі, сол кезде жүргізілген кеңес өкіметінің әлеуметтік-аграрлық реформасының салдарыннан болатын. Қазақстанды екі дүркін соққан ашаршылықтың кесірінен 4 миллионнан астам адамнан айырылдық. Нәтижесінде ұлттық азшылық деңгейіне жеттік.

Бұл қасірет жайлы белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Мақсатқызы өзінің әлеуметтік желісінде былай деп жазды: «Біз бұл туралы айтуымыз керек, оны есте сақтауымыз керек. Алдағы уақытта бұл оқиға жайлы фильм түсіреміз. Жақында Маңғыстаудың ашық алаңдарында біздің компания және режиссер Асқар Ұзабай осы қайғылы оқиға туралы жаңа картина түсіруді бастайды.»

Иә, өткен тарихқа әділ баға беруіміз болашағымызды жан-жақты бағдарлауға бастайды. Елімізде өмір сүріп жатқан барша халық, этностық топтар қазақтың ұлттық апаты жайлы шыншыл тарихты білуге тиіс. Отандастарымыздың бұл бастамаларына сәттілік тілей отырып, фильм өнер тілінде сөйлеген өлмес туынды болса екен дейміз.

Ғазиза Ұлықман,

Л.Н.Гумилев атындағы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар