Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егемендік пен елдігіміздің белгісі - АРҚА АЖАРЫ

Егемендік пен елдігіміздің белгісі

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытудың әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың таусылмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері болып табылады. Мемлекеттік рәміздердің белгілі бір мағына беретін үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс табады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан, мемлекет халыққа мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда ресми түрде бекітіліп, 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы»Конституциялық заңы қабылданды. Осыған орай, 4 маусым Елімізде мемлекеттік рәміздер күні ретіндемерекеленеді.

Рәміздеріміздің түр-түсі мен ресмиқолданылу тәртібі Конституцияда немесеКонституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады. Мемлекеттікрәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуін нығайтып,жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімінқалыптастырады. Мемлекеттік рәміздер– бұл кез-келген мемлекеттің егемендігімен біртұтастығын бейнелейтін, оныңажырамас атрибуттарының бірі.Қазақстан Республикасында Мемлекеттікту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттікгимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Аспан түстес байрағымыздың,елтаңбамыз бен гимніміздің әрбірэлементінде осыіске атсалысқан әрбір азаматтың Отанғадеген махаббаты мен арман-мұраты жатыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес болып келеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні – осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалықтуынды.Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі  белгіленген.

Елімізде Мемлекеттік рәміздер күніне орай, барлық мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардың балкондары мен аулаларына мемлекеттік тулар ілініп, гимні шырқалады. Қазақстандықтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру мен өскелең ұрпақтың патриоттық санасын жаңғырту мақсатында аудан, қала көшелерінде ту мен елтаңбаны көтерген автокөлік шерулері мен  рәміздердің шығу тарихы мен бейнелерін кеңінен насихаттауға бағытталған, сондай-ақ, Мемлекеттік ту бейнеленген түрлі көрнекі үгіт құралдарын тарату сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеружұмыстары тек мемлекеттік деңгейдеғана жүргізілмей, жалпыхалықтық мәртебеніжәне жауапкершілікті талап етеді. Жалпы,тәуелсіз Қазақстан рәміздеріне мақтанышсезімдерін қалыптастыру әр отбасынанбастау алғаны жөн. Мектептерде, балаларбақшасында осыған қатысты тиімді шараларұйымдастырылуы да назардан қалмауы қажет.

Сонымен қатар, Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiлуі де осы Заңмен бекітілген.Өкінішке орай, әлемде коронавирус індетінің таралуына байланыстыелімізде төтенше жағдай жарияланып, 2020 жылғы13 шілдедепандемиядан қаза тапқандардың рухына Ұлттық аза тұту күнін жариялау туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасады.Заңға сәйкес, Ұлттық аза тұту күні Қазақстанның барлық аумағында мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

Конституциялық заңның 13 бабына сәйкес, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ, республика аумағындағы жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндеттелген.Мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық та осы аталған заңмен көзделген.

Жас ұрпақты өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ, олардың  мәні мен маңызын түсіндіру жалпы орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына енгізілген. Әрқашан жас ұрпақты мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеуіміз қажет. Өйткені, әрбір азаматтың өз Отанын сүйіп, қадірлеуі ең алдымен, мемлекеттік рәмізден бастау алады.Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!

Тоты Берлібекова,

Ақмола облысының

әділет департаменті

құқықтық түсіндіру және

халыққа заңгерлік қызмет көрсету

бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар