Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Көкшетау қаласының әкімі Ғайса Бауыржан өзінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Биылғы жылғы есебінде әкім қаладағы атқарылып болған, атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғады. Ең өзекті мәселе, қаладағы аяқталмай қалған құрылыс объектілері. Олардың ішінде ең өткір тұрғаны толықтай пайдалануға берілуі керек болған Қопа көлінің жағалауы Жағалауға әлі электр бағандары орнатылмаған. Соның себебінен жағалауда түнде жарық жоқ және қоғамдық әжетханалар әлі іске қосылмаған. Одан бөлек қаладағы көше шамдарының істен шығуы. Қазір күнің өзінде көше шамдарын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Соған байланысты қазіргі таңда қаладағы жарық шамдары ауыстырылып, сынған бағаналар қалпына келтірілетін болады.
Үшінші мәселе қала көшелерінің шұрқ тесік болып ескіріп кеткені болып отыр. Олар Краснояр трассасы мен Кенесары көшелері секілді көшелер. Қазір ол көшелерде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатар.
Одан өзге қаладағы орталық жылу мәселесі. Биылғы қыста жұмыс істеуге тиісті сегіз жылу тарататын пештің екеуі істен шыққан. Қалғандарының да жағдайы мәз емес. Жылу пештерін қалпына келтіру туралы сұрақ қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Сол орайда пештерді қалпына келтіру жолдары талқылану үстінде екенін мәлім етті қала әкімі.
Ал, енді атқарылған жұмыстарға келсек. Былтырғы жылы кәсіпорындарда жұмыс істейтін тұрғындардың жалақысы 30 процентке өсті. Қазіргі уақытта тұрғындардың орташа жалақысы 139,7 мың теңге, қолға алатын қаражат 110 мың болып отыр. Және де Краснояр ауылының жанындағы қандастарымыз тұрып жатқан Нұрлы көш үйлерін жекелендіру бойынша комиссия құрылып, жекелендіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі күні 11 үй жекелендіріп, 68 үй комиссияның тексерісінен өтті. Қалған үйлер комиссия бақылауында.
–Ағымдағы жылдың сәуір айында Красный Яр ауылының, Станционный кентінің, Көкшетау қаласының ықшам аудандарының тұрғындарымен он бір кездесу өткіздім. Тұрғындардың барлық қойылған сұрақтары менің жеке бақылауыма алынды.
Біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты, ал азаматтарымыз зор жауапкершілік пен патриотизм танытып отыр. Қаламыздағы осы іс-шаралардың барлығы біздің елімізді одан әрі дамыту және нығайту төңірегінде халқымыздың топтасуына бағытталған.
Біз жаңа, әділетті Қазақстанды құру және мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді тиімді жүзеге асыру біздің қолымызда екенін түсінетін кез келді және сол мақсатта Көкшетаулықтар барлық күш-жігері мен білімін жұмсайтынына сенемін, – деді қала әкімі Ғайса Бауыржан.
Абылайхан ӘШІМХАН.