Курортты аймаққа талап әрқашан жоғары

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Аудан әкімі өңірдің жылдан-жылға көркейіп келе жатқанын баяндады. Былтырдан бері жасалып келе жатқан жұмыстың ең ауқымдыларын тілге тиек етті. Аудан әкімінің айтуынша, Бурабай ауданында демалыс орындарының көптігіне бойланысты аудандағы жолдарды жөндеу қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда 173,4 мың гектар алқапқа тұқым себілді. Аудандағы мал басының 4,1 пайызға артуына мүмкіндік жасалып, соған байланысты 203 басқа арналған етті мал шаруашылығы бойынша 8 жоба іске асырылды, 250 басқа арналған 3 тауарлы-сүт фермасы құрылды. Нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша ет және сүт өндіру көлемі артты.

Жеке бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Барлығы 1 625 тұрақты жұмыс орнын құрылып, 288 миллиард теңгенің 35 инвестициялық жобасын іске асыру жалғасуда.  Атқарылып жатқан елеулі жұмыстардың бірі, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта Щучинск қаласында төрт көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, бұл 1080 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тағы үш тоғыз қабатты және 5 қабатты үйлердің құрылысы бойынша құжаттама әзірленуде. Жоспарланған және салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлерге сыртқы желілерді салуды жобалау және абаттандыру жүргізілуде.

Одан бөлек, бұл өңір курорттық аймақ болғаннан кейін қала маңында гольф алаңы ашылды. Қазіргі таңда аталмыш ойын түріне 100-ден астам жасөспірім балаларды баулу қолға алынуда. Биылғы жылы Щучье-Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту аясында ауыз сумен жабдықтау және су желілерін бұру объектілерін салу бойынша алты инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда.

–Біздің басты активіміз – аудан тұрғындары. Тұрғындар өмірін жақсарту мақсатында атқарып жатқан жұмыстардың бірқатары осылар. Бұған қоса, келер жылға дейін атқаратын жұмыстар қаншама.  Аудандағы көптеген мәселелер ауыз су мен жарықтандыру мәселесіне келіп тіреледі. Осы күндері бұл жұмыстар жүрзіліп жатыр және жүргізіле беретінін мәлімдегім келеді, – деді сөз соңындааудан әкімі Әсет Мұздыбаев.

Абылайхан ӘШІМХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар