Ақмолалық оқушылар «Табиғатты аяла!» атты республикалық экологиялық форумға қатысты

«Табиғатты аяла!» атты жас өлкетанушылардың, экологтар мен натуралистердің республикалық форумы онлайн режимде өтті. Форумға Қазақстанның 14 облысының және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының өкілдері қатысты.

Ақмола облысының намысын облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары қорғады.

Форум бірнеше конкурстық номинациялардан тұрды:
1. «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» – 3D атласын жасау;
2. «Zhasyl El» – зерттеу жобаларының байқауы;
3. «Экотеатр» – экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы;
4. «Eko-Bolashak» номинациясы атқарылған экологиялық мәселелер туралы бейнероликтер байқауы;
5. «GREEN OASES» – ландшафтық жобалар байқауы;
6. «Туған өлкенің бояулары» – электрондық экологиялық ашық хат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экологиялық форум оқушыларды табиғатты қорғауға баулуға, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеуге ықпал етеді.

Республикалық форумның қорытындысы бойынша біздің оқушылар жақсы нәтижелер көрсетті:

“Zhasyl El” номинациясы бойынша Бурабай ауданы Щучинск қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Фрик Екатерина экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, «Жасыл» экономика, «жасыл» технологияларды қолдану, инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау бойынша зерттеу жобаларын қорғап, 1 орын алды.

«Туған өлкенің бояулары» номинациясында 1 орынды Зеренді ауданы Ақкөл ауылы жалпы білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Житниковская Виктория иеленді. Ол графикалық редактордың көмегімен орындалған электронды экологиялық ашық хатын ұсынды.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар