Бүгін толған ай Жерге барынша жақындайды

– Кезекті толған ай 14 маусымда басталып, бұл жолы Жер тұрғындары ерекше көрініске куә болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ай Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:52-де толып, 11,5 сағаттан кейін өз орбитасының Жерге ең жақын нүктесі – перигейден шамамен 357429 шақырымнан өтеді, деп хабарлайды «Бақылау астрономиясы» сайты. Айдың көрінетін диаметрі орташа мәнге қатысты шамамен 8% өсіп, жарығы шамамен 13% артады.

Ал көкжиекке жақын жерде (кешке және таңертең) «ай иллюзиясына» байланысты жердің серігі ірі болып көрініп тұрады. Астрологтар алдағы «суперайға» қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Бұл – адамдар үшін кешірім жасап, алғыс білдіре алатын ең қолайлы уақыт.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар