Бүгін «Балалар жылын» мерекелеу аясында Жақсы ауданында қуанышты оқиға болды. Алғаш рет Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп базасында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті өз есігін айқара ашты.
Аталған кабинет балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды көрсету және әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағытталған.
Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 16 кабинеті жұмыс істейді. Жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуына дейін 5 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады.
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін 103 инклюзивті білім беруді қолдау кабинетін ашу жоспарлануда.