Балалар жылы аясында Жақсы ауданында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

Бүгін “Балалар жылын” мерекелеу аясында Жақсы ауданында қуанышты оқиға болды. Алғаш рет Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп базасында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті өз есігін айқара ашты.

Аталған кабинет балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды көрсету және әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағытталған.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 16 кабинеті жұмыс істейді. Жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуына дейін 5 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады.

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін 103 инклюзивті білім беруді қолдау кабинетін ашу жоспарлануда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар