Ерейментауда «Тәуелсіздік жырлары» облыстық жыршы-термешілер байқауының жүлдегерлері анықталды

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы ұйымдастырған Үмбетей Тілеуұлының 325 жылдығына және ұлт -азаттық қозғалысының көсемі Кенесары Қасымовтың 220 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жырлары» облыстық жыршы-термешілер байқауына облыстың әр өңірінен келген 40 жасқа дейінгі 10 жыршы-термешілер қатысты.

Олар туған жердің тұтастығын сақтау үшін халықтың рухын көтерген жыраулардың шығармалары мен тәрбиелік-тағылымдық бағыттағы термелер орындады.

Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту, ұлттық өнерді насихаттау, домбыраны серік еткен жастарымыздың ата-бабамыздан мұраға қалған төл өнерімізді жаңғыртуына және шығармашылық өнеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауда шеберлік дәріс өткізіліп, қатысушыларға деңгейлерін жоғарлатуға мүмкіндік болды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған Қуанбек Елбол (Қосшы қаласы) жүлделі І орын иегері атанды. Естайұлы Абдуррахман (Аршалы ауданы) ІІ орынға ие болса, Мейрам Жанайдар (Ерейментау ауданы), Кенесары Мизамов (Қосшы қаласы) ІІІ орынды иеленді.

Қорытынды гала-концертте әділ-қазылар алқасы қазақ халқының өзіндік мәдениетін сақтауға, дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылығы үшін өнерпаздарға алғысын білдіріп, жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар