Мемлекеттік қызметші күні аталып өтті

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Bolashaq» сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара болып өтті.

Жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен басталған салтанатты шарада өңір басшысы Ермек Боранбайұлы қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге жоғары талаптардың қойылатынын, олардың кәсіби, адал әрі бәсекеге қабілетті болуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекеттік қызметтегі ерекше еңбегі үшін өңір басшысы бірқатар мемлекеттік қызметшілерді «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен және Алғыс хаттармен марапаттады, олардың ел игілігі жолындағы күнделікті еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, өңірдің мемлекеттік қызметін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаттарымен де марапатталды. Олардың 15-і Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, үш мемлекеттік қызметкер «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, тоғызы облыс әкімінің Алғыс хатымен, алтауы «Аманат» партиясының, он үші аталмыш департамент басшысының Алғыс хаттарына ие болды.

Салтанатты шара  концерттік бағдарламаға ұласып, мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында департаменттің бастамасымен бірқатар дәстүрлі іс-шаралар да ұйымдастырылды. Бұл жастардың мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесулері, «Мемлекеттік қызметтегі бір күн» акциясы, «Менің бақытты отбасым» отбасылық фотосуреттер байқауы, басқа да мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шаралар жалғасын тапты.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында спорттың әртүрлі түрлері бойынша спартакиада өткізіліп, оның қорытындысы бойынша бүгінгі күні республикалық турнирде өңірдің намысын қорғап жүрген құрама команда құрылды. Сондай-ақ, ақмолалық мемлекеттік қызметшілер «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына белсенді қатысып, нәтижесінде Қосшы қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы үздік деп танылды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар