Ерейментауда «Бабалар қаны тамған тау, қалың ел келіп қонған тау – Ерейментау» тақырыбымен аудан күні аталып өтілді

Шара барысында Қанжығалы Бөгенбай батырдың дұшпаннан азат еткен Ерейментау жеріне қалың елді бастап келіп, қоныстандырғанына 285 жыл, Үмбетей жырау Тілеуұлының туғанына 325 жыл толуына орай, Ереймен елінен шыққан Мәмбеттің бес қасқасы атанған Досай, Ақпан, Бура, Тайлақ батырларға Ерейментау қаласындағы «Батырлар аллеясында» мүсіндер бой көтерді. Сонымен қатар, 1916 жылы Ереймен даласында өткен ұлт-азаттық қозғалысының құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

Шараға аудан әкімі Абай Әлжанов, Қазақтаның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев және зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Бұдан әрі шара аясында Ереймен даласында киіз үйлер тігіліп, «Батырлар рухына тағзым» атты Ереймен елі өнерпаздарының концерті, – «Қымызмұрындық» деген атпен Ереймен еліндегі ең дәмді қымыз көрмесі, «Білекті, жүректілер елі – Ереймен» деген атаумен Ұлттық спорт түрлері бәйге, көкпар ойындары, «Өнер төріндегі Ереймен елі» атты суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.

Малтабар ауылы маңындағы атшбарында ұйымдастырылған шарада Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов құттықтау сөз сөйледі.

«Соңғы жылдары ауданымызда әлеуметтік және экономикалық салада ілгері басушылық бар. Бұл Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың біздің өңірге деген зор құрметі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ұдайы өз назарында ұстап, әрдәйім қолдау мен көмек көрсетуінің арқасында болып отырған жай. Сол үшін қалың еліміздің атынан Ермек Маржықпаевқа шынайы ризашылығымызды білдіреміз», – деп атап өтті аудан әкімі Абай Әлжанов.

Айталық, бұл атқарылып отырған шаралардың барлығы, облыс әкімің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

«Ел тарихын ұлықтау ертеңгі күнің – жарқындығының кепілі. Батырлардың аруағын ұлықтау – рухтың асқақ болуының кепілі. Бүгінгі өтіп отырған шараға қуанышпен, сүйісіне қарап отырмын. Ер есімін ұлықтаған ел ғана тарих төрінде қала бермек. Бүгінгі атқарып отырған мейрамдарыңыз құтты болсын! Осындай той мен жиындарымыз көп болғай. Елімізден амандық, жұртымыздан тыныштық кетпесін», – деді Жабал Ерғалиев.

Ереймен елі мен жерінің сол күні аруағы аспандап тұрды. Қалың қазақтың ырысы ортаймасын, елдің бірлігі нығая берсін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар