Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда

Мемлекет басшысы барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға кұқыққа қайшы жолмен алынған экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдауды және активтерді, соның ішінде елден шығарылған активтерді қайтаруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақша қаражатын шығуына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту, сондай-ақ ұрланған активтерді анықтау және қайтару мақсатында облыс прокуратурасының басшылығымен арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс істеуде.

Ағымдағы жылдың маусым айында облыс прокуратурасының ғимаратында осы мәселе бойынша фискалдық және құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді, іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Осы бағытта жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар